Н.Назарбаев жыл басынан бері 21 елдің Президентін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Н.Назарбаев жыл басынан бері 21 елдің Президентін қабылдады

20.06.2016
Н.Назарбаев жыл басынан бері 21 елдің Президентін қабылдады

Жыл басынан бері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 21 елдің Президентін қабылдады. Бұл туралы бүгін халықпен есепті кездесу өткізген ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов мəлім етті.

Министр өз сөзінде жыл сайын ҚР Президенті сыртқы саяси қызметін өте белсенді  жүргізетіндігін баса айтты.

Осы жылдың басынан ҚР Президенті шетелге сегіз рет сапар жасады. 21 шет елдің мемлекет басшыларын қабылдады. Толықтай алғанда, 19 халықаралық іс-шара өткізіліп, 39 екіжақты кездесу болды", - деді министр.

Хабарламаларға жазылу