Елбасы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады

19.08.2019

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады. Үкімет басшысы еліміздің биылғы әлеуметтік-экономикалық даму барысын мәлімдеді. Нұрсұлтан Назарбаев Арыс қаласындағы маңызды нысандар мен тұрғын-үйлерді қалпына келтіру жұмыстарына және облысты дамыту үшін қабылданып жатқан іс-шараларға ерекше назар аударды. Экономикаға шетел капиталын тарту, өңірлердің инвестициялық ахуалын жақсарту мәселелері қаралды.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу