Елбасы Н.Назарбаев Премьер-Министрді қабылдады

07.04.2020

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Үкімет басшысы Асқар Маминді қабылдады. Кездесу барысында Тұңғыш Президент қабылданған іс-шаралардың арқасында коронавирус инфекциясының таралу қарқыны төмендегенін айтты.

 Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі жағдайда экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігіне ерекше назар аударды. Сонымен қатар, экономиканың шикізаттық емес секторларын дамытуға бағытталған бағдарламаларды іске асыру керектігіне де тоқталды. «Еліміз бұдан да зор сынақтардан өткен. Бұл ауыртпалықты да еңсереміз. Ең бастысы – елдің бірлігі мен сабырлығы», - деді Елбасы. Осыған қатысты ертең республикалық басылымдарда Елбасының Қазақстан халқына Үндеу жасаған мақаласы жарияланады.

Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу