Елбасы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады

06.01.2021

Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Саяси кеңесі Бюросының мүшесі, Премьр-Министр Асқар Маминді қабылдады. Үкімет басшысы 2020 жылы атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады. Премьердің сөзінше жеңіл өнеркәсіп, фармацевтика, машина құрастыру, құрылыс саласында елеулі өсім бар. Нұрсұлтан Назарбаеві 2020 жылы коронавирус пандемиясына байланысты Үкімет жұмысы күрделі жағдайда өткенін айтты. Сондай-ақ Елбасына еліміз бойынша 19 мыңға жуық жұмыс орнын құруға мүмкіндік берген Индустрияландыру картасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы ақпарат айтылды. Асқар Мамин өз сөзінде мемлекеттік органдардың, қоғамдық институттардың бірлескен іс-қимылы және «Nur Otan» партиясының белсенді жұмысының арқасында Қазақстанда пандемияның жаппай өршуіне жол берілмегенін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы: 
-Қиыншылыққа қарамай Үкіметіміз біраз жұмыс істеді деп айтуға болады. Фармацевтикада 40 процент, машина жасауда 16 процент, құрылыста 12 процент осының бәрі жақсы көрсеткіштер. Жұмыссыздық 5 проценттің төңірегінде. Әсіресе құрылыс саласы жақсы өсті.

Шерхан Жамбылұлы

Асқар Мамин Елбасы

Хабарламаларға жазылу