Биылдан бастап балаларға дәрі-дәрмек тегін болады
Биылдан бастап балаларға дәрі-дәрмек тегін беріледі. Бұл туралы «СҚ-Фармация» басқармасы төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріп баспасөз брифингі барысында мәлімдеді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін тегін дәрілердің тізбесі кеңейтілді. Яғни, 192 атау бойынша препарат қарастырылған. Оның 70 пайыздан астамы қазіргі күні сатып алынды. Ал қалған бөлігі алдағы бір-екі айда толық жеткізіледі. Бұл мүмкіндікке қол жеткізу үшін жергілікті жердегі мемлекеттік медициналық мекемеге қаралса жеткілікті. Учаскелік дәрігердің нұсқауымен салқын тиген балаға да ем-домға қажетті дәрі тегін беріледі.
Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05