Алматыдағы берілуі тиіс үш жолайырық пайдалануға берілмей жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы берілуі тиіс үш жолайырық пайдалануға берілмей жатыр

06.01.2020

Олардың құрылысы бітпеген. Кейбіреуі тіпті әлі басталмаған. 600 мыңнан астам көлік тіркелген алып шаһардың кейбір көшелерімен таңертең және кешқұрым жүру мүмкін емес, кептелістен көз ашпайды. Ал мұны үш жыл бұрын қолға алған қала әкімдігінің мамандары жобалардың құрылысына жер телімдерінің босатылмауы себеп деп отыр. 

Сейфуллин мен Жансүгіров - ірі мегаполистегі кептелісі көп көшелер. Сондықтан 2017 жылы осы аумақта ірі жолайырық салынып, мұндағы кептеліс 15 %-ға азаяды деп жоспарланған. Алайда оның құрылысы әлі басталмаған.

Бұл Рысқұлов пен Емцов көшелерінің қиылысындағы көпір. Жобаның жалпы құны - 5,4 миллиард теңге. Оның бүгінге дейін шамамен 2 миллиарды жұмсалған. Ал қазір құрылыс тоқтап тұр. Себебі мұнда да әлі күнге дейін жер телімдері босатылмаған.

Жобаға сай мұнда құрылысшылар 101 жер учаскесін тазартып, жұмысты бастау керек еді. Бірақ осы күнге дейін оның 75-і ғана сатып алынған. Ал кептелістен көз ашпайтын көпшілік бұған наразы.  

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу