Алдағы жылдан бастап, республикалық мекемелердегі мәдениет және архив қызметкерлерінің жалақысы 50 пайызға, ал аймақтық жерлерде 35 пайызға өседі. Тұтастай алғанда осы саланың 34 386 қызметкерінің еңбекақысын көтеру жоспарланған.
Димаш Құдайберген. Бұл - бар қазақтың бағына туған бала. Қазір Димаш есімі дүркіреп тұр. Әлемнің қай жеріне барса да, оның әнін тыңдау үшін жиналған халықта қисап болмайды. Миллиард халықты мойындатқан ол жақында ғана АҚШ-та концертін өткізіп, абыроймен оралды. Ол концерт «Qazaqstan» арнасының эфирінен 31 желтоқсанда 17:30-да көрсетіледі.
Димаштың талантына табынушылар жаппай қазақ тілін үйренуге, қазақша ән айтуға көшті. «Саясат өнер жасай алмайды, өнер саясат жасайды» деген - осы.
ЮНЕСКО ұйымы Бибігүл Төлегенованы XX ғасырдағы әйгілі әйелдердің қатарына қосты. Сонша жыл халқын әнімен әлдилеп келе жатқан әншіге елімізде де лайықты құрмет көрсетіліп жатыр. Өнер иесінің өмір жолы оңай болмаған. Біреу білер, біреу білмес, ұлы әнші еңбек жолын консерві зауытында жұмысшы болып бастаған. Апайдың өзінің айтатыны бар: «Консерві зауытынан консерваториядан бір-ақ шықтым ғой», - деп.
Кемдігі жоқ даусында қазақ даласының кеңдігі жатыр. Осындай майталмандар туған халықтың ішінде біліксіз, тоғышар, жемқор, қатыгез, имансыз адамдар жүр, тіпті олардың қайбіріне басқару, мәселені шешу тапсырылған дегенге сене алмайсың. «Мен жанбасам лапылдап!» дейтін ұрпақ есіктің тұтқасын ұстап тұр деген ой ғана үмітті үрлейді.