Президент «Атлетико Мадрид» ФК-ның бас директорын қабылдады
Мемлекет
басшысы «Атлетико
Мадрид» футбол клубының бас
директоры Мигель Анхель Хиль Маринді қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев аталған клубпен
табысты ынтымақтастықты жоғары бағалап, бұл сапар серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретінін атап
өтті. Президенттің айтуынша, Қазақстан заманауи
футбол инфрақұрылымына, жаттығу базасына және жас ойыншыларды даярлау
бағдарламасына белсенді түрде инвестиция құйып жатыр. Сонымен қатар еліміздегі
футбол клубтарын жекешелендіру жалғасады. Мемлекет басшысы ФИФА-мен бірлесіп,
барлық өңірде балаларға арналған жүзден астам жаңа футбол алаңын салу жұмыстары
қолға алынғанына назар аударды. Кездесу
соңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мигель Анхель Хиль Маринді Қазақстанда
футболдың дамуына қосқан үлесі үшін II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы