Адамның бақылауынсыз жұмыс істейтін ЖИ жүйелері енгізіле бастаған
Жасанды интеллект – енді ақпаратты тауып, талдап қана қоймай, күрделі тапсырмаларды өздігінен орындауға қабілетті. Адамның тұрақты бақылауынсыз-ақ жұмыс істейтін жүйені – интеллектуалды агенттер деп атайды. Бұл туралы бүгін Астанада өткен Innovation Day халықаралық конференциясында айтылды. Қазір квазимемлекеттік компаниялар осы интеллектуалды агенттерді 100% жұмыс барысына енгізіп үлгерді. Басқосуда «Бәйтерек» холдингі мен «Самұрық-Қазына» қорының өкілдері өз компанияларында бұл технологияны қалай қолданып жатқанын баяндады. Айтуларынша, жаңашылдық кәсіпорындардың жұмысын оңтайландырып отыр. Сол себепті Amazon Web Services компаниясы ұйымдастырған конференцияның сала мамандарына және мемлекеттік сектор өкілдеріне тигізер пайдасы мол дейді. Бүгін жиынға жүзге жуық компания өкілдері қатысты. Әсіресе өндіріс, қаржы, ауыл шаруашылығы және мемлекеттік қызмет көрсету салаларында дәл осы интеллектуалды агенттер кеңінен қолданыла бастаған.
Әмір Садықов, «Qcloudy» компаниясының бас директоры:
Бұл жаңа жүйені енгізу – соңғы 1 жылда белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Әсіресе АҚШ, Шығыс Азия елдері бұл тұрғыда көш бастап тұр. Қазақстанда да ЖИ саласы жылдам қарқынмен дамып келеді. Мәселен, біз мемлекетпен бірлесіп, ауыл шаруашылығы саласына интеллектуалды агенттерді енгізіп жатырмыз. Бұл фермерлердің жұмысын жеңілдетеді. Себебі көптеген процестерді автоматтандырады. Конференцияға қатысушылар нақты жобаларды, кейстерді өзара талқылап жатыр. Ал жас мамандар үшін Innovation Day – ақпарат алып, байланыс орнататын нетворкинг алаңына айналды деп айта аламын.
Брайан Чен, Velodb компаниясының нарыққа шығу стратегиясы жөніндегі вице-президенті:
Біздің компания жасанды интеллект қосымшаларына арналған деректер базасын, ақпаратты іздеу және талдау технологияларын дамытуға маманданған. Қазақстан нарығына келудегі басты мақсатымыз – осы технологияларды жергілікті кәсіпорындарға таныстыру, серіктермен ынтымақтастықты нығайту және қазақстандық IT мамандармен бірлескен жобаларды жүзеге асыру.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы