Басты Жаңалықтар Түркістанда «Батыр аналар» форумы өтті

Түркістанда «Батыр аналар» форумы өтті

Оған өңірдің өркендеуіне сүбелі үлес қосып жүрген жүздеген көпбалалы кәсіпкер әйел қатысты. Іскер аналардың басын қосқан, көпке үлгі етіп отырған – «Нұр Отан» партиясы. Жиында бизнес бастаймын деген қыз-келіншектерге мемлекеттік бағдарламалар туралы мағлұмат берілді. Бүгінде Түркістан облысында 144 мыңға жуық кәсіпкер болса, оның 32 пайыздан астамы – әйелдер. Биыл «Бастау Бизнес» және «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша 7 мыңнан астам адам білімін жетілдірсе, соның тең жартысы - қыз-келіншек. Олардың дені тігін шеберханасын, кондитерлік цех, оқыту орталықтарын ашып, қызмет көрсету салаларында еңбек етіп келеді. Солардың бірі - көпбалалы ана - Бибімария Тұрмаханова. Ол мемлекет қолдауының арқасында өз кәсібін ашып, 20 адамды жұмыспен қамтып отыр. 



Бөлісу