Құрылыс саласындағы олқылықтан талай адам опық жеп жүр. Әсіресе үлескерлік тұрғын үй төңірегінде өзекті мәселе көп. Парламент Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті осыған арнайы тоқталды. Жиында тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңды бұзушылардың жұмыс істеу тізбегіне баса мән берілді. Ол компаниялар үйдің қаңқасын қаламай тұрып жарнама жасайды. Әрі қарай қаржы тарту үшін жергілікті биліктің рұқсатынсыз пәтерлерді сата береді. Сосын әкімшлік айыппұлдарды төлеп болған соң үйді пайдалануға беру кезеңі басталады. Ақыр аяғында сол алаяқ компаниялар алдын ала брондау келісімшартын пәтерді сатып алу келісімшартымен рәсімдейді. Бұдан бөлек нысанның сапасы мен инфрақұрылымдық жарамдылығына қатысты да дау көп туындайды. Енді проблемаларды бір жерден бақылау қолға алынбақ. Яғни келер жылы орталықтандырылған сервистік бағдарламалау жүйесі іске асады.
Нысаналы ЫҒЫЛ