Жол ақысы қымбаттауы мүмкін
Түркістанда жаңа жылдан бастап жол ақысы қымбаттауы мүмкін. Жолаушылар тасымалымен айналысатын компания әкімдікке осындай ұсыныспен шықты. Айтуларынша автобус паркі ескірген. Бүгінгі жолақымен жыртығымызды жамай алмай жатырмыз,-дейді. Айта кетейік, Түркістанда қоғамдық көлікте жүру құны- 50 теңге. Бұл Қазақстан бойынша ең төменгі жолақы. Қаланың облыс орталығына айналып, кеңеюіне байланысты жолаушылар нөпірі көбейіп, жол жүру бағыттары ұзарған. Ал қала билігі тасымалдаушы компанияға бірнеше талап қойып отыр. Оның ішінде балалардың тегін, мүгедектердің жеңілдікпен жүруі, автобустардың техникалық, санитарлық талаптарға сай болуы, JPS қондырғылары орнатылуы керек. Сонда ғана жол ақыны 70 теңгеге көтеруге келіспек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ-тәжік қатынасы: $2 млрд межесі
07.11.2026, 20:34
Жастар кітап оқуға қаншалықты көңіл бөледі?
06.11.2026, 20:28
Көшбасшы әйелдердің республикалық семинары өтті
06.11.2026, 20:27
Еңбек – адамды биікке жетелейтін құндылық
06.11.2026, 20:26
Жоғары білімнің болашағы талқыланды
06.11.2026, 20:25
Еріктілер 100-ден аса заңбұзушылықты анықтады
06.11.2026, 20:25
Халық Кеңесі жанынан жастар қозғалысын құру ұсынылды
06.11.2026, 20:24
ШҚО-да Жолдауда жүктелген міндеттер талқыланды
06.11.2026, 20:22