Павлодар мен Қарағанды облыстары экологиялық ахуалы ең нашар өңірлер тізімін бастап тұр. Аталған аймақтар елдегі қалдықтардың 56 пайызын еншілеп отыр. Осы орайда, Үкімет басшысы Асқар Мамин «жаңа экологиялық кодекс аталған өңірлердегі өндірісті жаңғыртуға ынталандыруы тиіс» -деген пікір айтты. 2018 жылдың қорытындысы бойынша атмосфераны ластаушы заттардың қалдықтары 2,5 млн тоннаға жеткен. Ал жыл сайынғы өсімі 100 мың тонна. Оның ішінде көмірмен жұмыс істейтін жылу электр станциялары 940 мың тонна улы затты ауаға шашады. Дер кезінде шара қолданбаса, енді 10 жылдан кейін ластаушы заттардың көлемі 3,6 млн тоннаға дейін өспек. «Париж келісіміне сай, Қазақстан парниктік газдарды 2030 жылға қарай 1990 жылмен салыстырғанда 15 пайызға төмендетуге міндеттеме алған болатын.
Ғабит БӨКЕБАЙ