Павлодарда мультимедиялық музей ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда мультимедиялық музей ашылды

23.12.2019

Павлодарда елімізде баламасы жоқ заманауи музей ашылды. Ерекшелігі сол, табиғи жәдігерлердің бейне нұсқасын мультимедиялық технологиялар арқылы LED экранннан тамашалауға болады. Сондай-ақ real-book, ақпараттық touch-панел және басқада заманауи инсталяциялармен жабдықталған. Нысанға бір мезгілде 600 адам кіре алады. Әзірге 9 экспозияциялық зал жұмыс істейді.

Жаңа нысанға 300 ге тарта жәдігер қойылған. Оларды шынының астынан ғана тамашалап қоймай, енді дауысын естіп, жүріс-тұрысын да көруге болады. Бұл еліміздегі алғашқы бірегей мультимедиялық музей.

Археология, палеонтология, геология. Екі қабатты музей осындай үш бөлімнен тұрады. Ал, жертөлесінде реставрациялық зертханасы бар. Онда тек өңір ғалымдарын ғана емес, шетелдік мамандарды да зерттеу жұмыстарына тарту көзделген.

Қазірдің өзінде музейде жергілікті ғалымдар тапқан біраз тың мұрағаттар бар. Олар көне түркі заманынан басталып, Алтын Орда, одан Қазақ ордасына ұласқан ұлы тарихымыздан сыр шертеді.

Бірегей нысан әлемнің ірі тарихи-жаратылыстану музейлерінің үлгісімен салынды. Құрылысқа аймақтағы ірі кәсіпорындар 300 млн. теңге қаржы аударды. Музей жәдігерлері өңір ғана емес, тұтас ел тарихынан сыр шертеді.

 Болат АМАНБАЕВ


Хабарламаларға жазылу