Ақмола облысында Кәсіпкерлікке кедергі азаймай тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында Кәсіпкерлікке кедергі азаймай тұр

23.12.2019

Ақмола облысында кәсіпкерлер үшін кедергілер азаймай тұр. Өңір бизнесті жүргізу бойынша соңғылар қатарында. Жер телімін рәсімдеу, құрылыс саласындағы қиындықтар, салық органдарының ретсіз қызметі кәсіпкерлікті дамытуға қолбайлау.

Досымбек Тоғызбаев 2007 жылы жалға жер алып, дүкен ашқан. Уақыт өте келе, кәсібін кеңейту үшін сауда нысаны аумағын ұлғайтуды көздеген. Алайда, іс ілгері жылжитын емес. Қанша әрекет еткенімен нәтижесіз.

Облыс аумағында жұмыс істей тұра әдейілеп салықтық тіркеуден шығып жатқандар да жетерлік. Мәселен, 2016 жылы 500-ден аса, 2017 жылы– 630-дай, ал былтыр 680-ге жуық кәсіпорын өзге облысқа ауысқан.

Елімізде жерге байланысты сотта қаралатын істердің әрбір төртіншісі Ақмола облысында. Сәулет, қала құрылысы мәселелері де тез шешіле қоймайды. Тек биылдыққа кәсіпкерлер тарапынан «Атамекен» палатасына 305 арыз-шағым түскен. Әзірге оның тек 91-нің мәселесі оң шешімін тапқан. Осы орайда мамандар бірнеше мемлекеттік бағдарлама жұмыс істеуде.Кәсіпкерлікті қолдау тетіктері көп ұзамай нәтиже беруі тиіс, - дегенді алға тартып отыр.

Бүгінде облыста 47 мыңнан астам шағын және орта бизнес нысаны жұмыс істеп тұр. Қолға алынған іс-шаралардың қаншалықты нәтиже берерін келесі рейтинг көрсетеді.

Ермек ЕЛБЕРГЕН


Хабарламаларға жазылу