Шығыс Қазақстан облысында кәсіп ашып, дөңгелетіп отырған
іскер әйелдер саны артып келеді. Түрлі саладағы мыңнан астам жоба мелекет
тарапынан қолдау тапты. Қаржыландыруға 5 миллиард теңге қаржы қарастырылды.
Бүгін аймақ басшысы кәсіпкерлікке ден қойған көпбалалы аналармен кездесті.
Шығыс Қазақстан кәсіпкерлік саланы субсидиялау бойынша
елімізде алдыңғы қатарда. Әсіресе «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 521
бизнес жоспар мақұлданып, оған 463 миллион теңге қаржы бөлінді. Ал мемлекеттен
арнайы грантқа ие болған Айгүл Чикенова балаларға арналған дамыту орталығын ашқан.
Төрт баланың анасы мемлекет тарапынан көрсетілген қолдауға дән риза.
Сонымен қатар кәсіп ашам деген көпбалалы аналарға «Ақниет»
бағдарламасы бойынша 6 пайыздық несие 4 пайызбен 8 жылға беріледі. Табысын
еселеп, аяғынан нық тұру үшін бұл үлкен көмек. Ал облыс әкімі өз кезегінде жеке
кәсіп ашқан, не ашуға бел буғандарға жергілікті билік тарапынан келер жылы да қаржылай
қолдау болатынын жеткізді.
Аймақтағы аз қамтылған отбасылардың балалары балабақшаға
тегін барып, мектеп формасы мен ыстық тамақ беріледі. Сонымен қатар колледждер мен ЖОО-на арнайы
гранттар бөлінді. Одан бөлек, биыл үй кезегінде тұрған 598 отбасы қоныс тойын
тойлайды.
Берік КӨШЕРБАЙ