Өз кезегінде тіркелген Интернет абоненттерінің тығыздығы 100 адамға шаққанда 2018 жылғы 14 бірліктен 2019 жылы 13-ке дейін төмендеді.
Жалпы бүкіл әлемде 4,5 миллиардтан аса интернет пайдаланушысы бар екен, олардың жалпы халық санынан үлесі 58,8 пайызға тең. Айта кету керек, он жыл бұрын Интернетті тек 1,7 миллиард абонент немесе жер халқының жалпы санының 24,7 пайызы пайдаланған. Алайда сарапшылардың пайымынша, ҚР-дағы интернеттің жылдамдығы жоғары деңгейде емес. Әлемнің 176 елінің ішінде Қазақстан 67-көрсеткіште.
Қазақстандағы интернеттің құны — әлемдегі ең төменгілердің бірі. Picodi.com порталының мәліметтері бойынша, интернет жылдамдығы 70 с/Мбит-тан 100 с/Мбитке дейін абоненттік төлем айына - 5 999 теңге.
ranking.kz