Келесі жылдан бастап тұрмысы төмен азаматтарға несие берілмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Келесі жылдан бастап тұрмысы төмен азаматтарға несие берілмейді

19.12.2019

Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап табысы төмен адамдарға несие берілмейді. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің өкілдері мәлімдеп отыр. Яғни, жалақыңыз 29600 теңгеге жетпесе, банк өтінішіңізді кері қайтарады.  Осылайша, қаржы ұйымдары қазақстандықтарды қарызға батырмаудың жолын ұсынып отыр. Бұл бірінші себебі болса, екіншіден, елімізде қарыз алушылар көп, қайтарымы аз. Сондықтан банктер өз капиталының жеткілікті болуын қамтамасыз етпек. Тағы бір мәселе, Қазақстандағы қарыз деңгейінің төмендігі. Мәселен, тұтынушы несие портфелінің жалпы ішкі өнімге қатысы 9,2 пайыз. Яғни, біздің азаматтарымыз несиені ел экономикасына пайда әкелетін салаларға арнап алмайды, көбіне қаржы мақсатсыз жұмсалады. Сондықтан Ұлттық банк екінші деңгейлі банктерді қадағалауға алып, несие алу процестерін қатаң бақылайтын болады.

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу