WhatsApp-тан ақау табылды
«Check Point» киберқауіпсіз компаниясы WhatsApp-тың ақау тапты, бұл ақау арқылы топтық чатты бұзуға болады.
Ақау WhatsApp-тың iOS және Android-қа арналған нұсқаларында бар. Осы себептен пайдаланушылар топтық чаттағы хабарламалар тарихынан түгелдей айырылып қалуы мүмкін екені айтылады.
Чатты бұзушылар топқа қосылып, браузер құралдары арқылы хабарлама қалдырып, оны WhatsApp-тың веб-нұсқасы арқылы жіберсе болғаны. Салдарынан топтық чатта қате пайда болады, одан қосымша толық істен шығады.
«Қолданушылар мұның кесірінен тіпті мессенджерді өшіріп, қайта жүктеуіне тура келеді, алайда сол чатқа оралуға мүмкіндік бермейді», - дейді зерттеушілер.
WhatsApp өкілдері мұндай проблеманың барын мойындап, соңғы нұсқасында бұл ақаудың алдын алыпты.
Вести.Ru
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ-тәжік қатынасы: $2 млрд межесі
07.11.2026, 20:34
Жастар кітап оқуға қаншалықты көңіл бөледі?
06.11.2026, 20:28
Көшбасшы әйелдердің республикалық семинары өтті
06.11.2026, 20:27
Еңбек – адамды биікке жетелейтін құндылық
06.11.2026, 20:26
Жоғары білімнің болашағы талқыланды
06.11.2026, 20:25
Еріктілер 100-ден аса заңбұзушылықты анықтады
06.11.2026, 20:25
Халық Кеңесі жанынан жастар қозғалысын құру ұсынылды
06.11.2026, 20:24
ШҚО-да Жолдауда жүктелген міндеттер талқыланды
06.11.2026, 20:22