Басты Жаңалықтар Францияның танымал журналына Қазақстан туралы мақала жарияланды

Францияның танымал журналына Қазақстан туралы мақала жарияланды

Францияның танымал «Лесонсель Интернасональ» журналына Қазақстан туралы көлемді мақала шықты. 90 мың данамен тарайтын басылым Елисей сарайына, премьер-министр канцеляриясына, дипломатиялық кеңселерге тарайды. Сондай-ақ Францияның үш қаласының 300-ге жуық дүңгіршегінде сатылады. Мақалада Қазақстанның ядролық қарудан бас тарту жөніндегі батыл қадамдары, ұлттар татулығы туралы жазылған. Сондай-ақ мақала аясында Президенттен және Қазақстанның сыртқы істер министрінен сұхбат алынған. Бұдан өзге, Ұлы даланың жеті қыры, рухани құндылықтарды насихаттау жөніндегі бастамалары аталған. Айта кетейік, бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы Париждің Азиядағы нөмірі бірінші сауда серіктесі. Екіжақты сауда айналымы былтыр 3,3 миллиард еуроға жеткен.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ


Бөлісу