Қазақстандағы әрбір оныншы оқушы код сағатына қатысады
Университетті бітірмей-ақ бағдарламалауды меңгеріп, мықты маман атануға болады. Бүгін жастарды ақпараттық технологияларға баулу мақсатында әлемнің 180 мемлекетінде код сағаты өтті. Оқушыларға арналған бұндай тегін шараны Қазақстан бес жыл бұрын қолға алған. 2014 жылы код сағатына еліміз бойынша 75 мың оқушы қатысса, былтыр олардың саны 355 мыңға жеткен. Яғни Қазақстандағы әрбір оныншы оқушы аталған шараның қатысушысы деген сөз. Замануи технологияларға жасөспірімдердің қызығушылығын арттырып, компьютерлік сауатын ашу – шараның басты мақсаты. Бүгінгі код сағатында үздік деп танылған оқушыларға болашақ мамандықтары бойынша жеңілдіктер қарастырылып, халықаралық сертификаттар берілді.
Саламат ОМАШ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ-тәжік қатынасы: $2 млрд межесі
07.11.2026, 20:34
Жастар кітап оқуға қаншалықты көңіл бөледі?
06.11.2026, 20:28
Көшбасшы әйелдердің республикалық семинары өтті
06.11.2026, 20:27
Еңбек – адамды биікке жетелейтін құндылық
06.11.2026, 20:26
Жоғары білімнің болашағы талқыланды
06.11.2026, 20:25
Еріктілер 100-ден аса заңбұзушылықты анықтады
06.11.2026, 20:25
Халық Кеңесі жанынан жастар қозғалысын құру ұсынылды
06.11.2026, 20:24
ШҚО-да Жолдауда жүктелген міндеттер талқыланды
06.11.2026, 20:22