Басты Жаңалықтар Импорттың көлемі 600 миллион доллардан асты

Импорттың көлемі 600 миллион доллардан асты

Еліміздің жеңіл өнеркәсіп саласындағы импорттың көлемі биыл 600 миллион доллардан асқан. Яғни, сырттан келетін тауардың құны отандық өнімнен 3-4 есеге көп.

Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтанда өткен жеңіл өнеркәсіп өндірушілерінің бірінші съезінде айтылды. Мамандар алдағы 2 жылда импортты 2 есе азайтып, оның орнын «Қазақстанда жасалған» тауарлармен толтыру жоспарланып отыр,-дейді. Ол үшін арнайы бағдарлама жасалып, барлық мемлекеттік тапсырыс отандық кәсіпкерлерге берілмек. Яғни, елдегі ірі компаниялардың жабдықтарын, сондай-ақ, пойыздағы төсек орындарын, мектеп формалары мен дәрігерлердің халаттарын, әскери киімдерді тек қазақстандық компаниялар тігуі қажет. Бірақ, осы саладағы кәсіпкерлер шикізаттың жоқтығы қолға тұсау екенін айтады. Сондай-ақ, білікті маман жетіспейді. Сондықтан жиын барысында өнеркәсіп өкілдері мен жоғары оқу орындары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Бөлісу