Орманшылар ағаштың кеселін тексеретін аппаратқа қол жеткізді
Шығыс Қазақстандағы орманшыларға ағашты кеспей-ақ оның кеселін анықтайтын ерекше аппарат табысталды. Еліміз бойынша ең бірінші болып заманауи құралға Қазақ орман шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Риддер қаласындағы филиалы қол жеткізді. Резистограф деп аталатын қондырғы Біріккен Ұлттар ұйымының даму бағдарламасы жүзеге асырып жатқан жоба аясында алынған. Шығыс Қазақстанда 3,7 миллион гектар орман қоры бар. Еліміздегі барлық ағаш қорының тең жартысы осы өңірге тиесілі. Сондықтан, табиғат қорғаушылар алдында ағаштарды заңсыз кесу, өрт және түрлі аурулардан сақтау бойынша үлкен жауапкершілік тұр. Жаңа қондырғы осы бағыттағы жұмыстың сапасын арттыра түспек, дейді мамандар.
Берік КӨШЕРБАЙ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Басты ұстаным – прагматизм мен диалог»: Сарапшылар Қасым-Жомарт Тоқаевтың Берлиндегі мәлімдемесіне пікір білдірді
30.09.2026, 20:44
Еуропада жалған дәрі сататын онлайн дәріханалар көбейді
30.09.2026, 20:30
Азиада: Бүгін ел қоржынына 8 медаль түсті
30.09.2026, 20:29
Донорлық: Бүйректі ағзаның қабылдауын AI 33 секундта анықтайды
30.09.2026, 20:28
Көкшетауда 630 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы аяқталуға жақын
30.09.2026, 20:08
KTZ Express қазақстандық экспорттың логистикалық әлеуетін кеңейтіп жатыр
30.09.2026, 20:06
Түркістан облысының таулы аймақтарына 131 мыңнан астам турист келген
30.09.2026, 20:06
Қазақстан киберқылмысқа қарсы конвенцияға қосылды
30.09.2026, 20:05