Қазақстанда 11 айдың ішінде 82,5 миллион тонна мұнай өндірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда 11 айдың ішінде 82,5 миллион тонна мұнай өндірілді

06.12.2019

Қазақстанда 11 айдың ішінде 82,5 миллион тонна мұнай өндірілді. Бұл межеленген жоспардың 102 пайызы. Жыл соңына дейін жоспар артығымен орындалмақ. Қазақстан нарығында мұнайдың 17 миллион тоннасы қалады. 2019 жылы еліміздегі 3 ірі мұнай өңдеу кешенінде жөндеу жұмыстары жүргізілген. Күрделі жөндеу аяқталғаннан кейін Қашаған кен орнында мұнай өндіру көлемі тәулігіне 370 мың баррельге жеткен. Теңіз кен орындарын келешекте кеңейту және Қашаған кен орнында газды кері айдау қуатын арттыру жобалары есебінен 2023 жылдан бастап өндіріс көлемін 100 миллион тоннаға жеткізу жоспарланып отыр. Брифинг барысында бензин бағасының қымбаттауы да сөз болды. Энергетика вице-министрі Әсет Мағауовтың пікірінше, бензин бағасының өсуі коммуналдық төлемдердің қымбаттауына әсер етпейді.

Ғабит БӨКЕНБАЙ


Хабарламаларға жазылу