Заң жобасы заңгерлермен талқыланды
Мәжіліс депутаттары өңірдегі заңгерлермен Қазақстандағы бірқатар заң жобаларын талқылады. Басты мақсат – өткен жылы Мемлекет басшысы қол қойған «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңның жергілікті жерлерде жүзеге асырылу деңгейін анықтау. Заңның олқы тұстары болса пысықтап, одан әрі жетілдіру. Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің көшпелі отырысына осы өңірдің, Қызылорда және Жамбыл облыстарының заң және құқық қорғау саласы қызметкерлері қатысты. Соңғы бір жылда халықты білікті заң көмегімен қамтамасыз ету бойынша арнайы мониторинг жүргізілген. Зерттеудің нәтижесі бойынша ашық пікірлер мен ұсыныстар айтылды. Оның барлығы алдағы парламенттік шараларда есепке алынбақ.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрық портының әлеуеті артып келеді
09.06.2026, 20:16
Балалар арасында танымал бабл-ти сусынының зияны қандай?
09.06.2026, 20:15
Жол-көлік апатынан 5 жаяу жүргінші зардап шекті
09.06.2026, 20:12
Филиппинде зілзаладан кейін 10 мыңдай отбасы үйлерін тастап кетті
09.06.2026, 20:11
Шетелден келетін туристер саны 4 миллионға жетуі мүмкін
09.06.2026, 20:09
Сарапшы: Шекті соманың өсуі – болашақ зейнетақының кепілі
09.06.2026, 20:08
Есірткі жарнамасына қарсы күрес күшейді
09.06.2026, 20:07
Telegram-да алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
09.06.2026, 20:06