Бүгіннен бастап мемлекеттік қызметкерлердің жұмыста смартфон ұстауына рұқсат берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгіннен бастап мемлекеттік қызметкерлердің жұмыста смартфон ұстауына рұқсат берілді

04.12.2019

Мемлекеттік қызметкерлердің жұмыста смартфон ұстауына қайтадан рұқсат берілді. Заманауи гаджеттерін үш жыл бойы тек үйінде ғана пайдаланып келгендер бүгін оны кеңседе де емін-еркін қолданатын болды. Смартфонын қолына алған қызметкерлердің бірінші жұмыс күндері қалай өтті?

Смартфонды әр адам әртүрлі қабылдаған. Бірі қолынан тастамай жүрсе, бірі оны ұмытып та кеткен. Бірақ бүгін министрліктегі қызметкерлердің бәрінің қолында дерлік қымбат ұялы телефондары болды. Үш жыл ұстаған «жәй телефондарын» бірге алып келгендер де бар. Ал кейбіреуі смартфонның игілігін көруді бастап та кеткен.

Смартфонға тиым салудағы мақсат та осы маңызды ақпараттың әлеуметтік желі арқылы таралып кетуіне тосқауыл қою еді. Алайда, мамандар оны қайтадан жұмыста қолдануға рұқсат беру заман талабы екендігін айтады. Өйткені келер жылы елімізде электрондық қызмет түрлерін 90 пайызға жеткізу жоспарлануда.

Мемлекеттік қызметкерлердің енді смартфондарын жұмыста емін-еркін ұстауына болады. Бірақ ол жерде істемейтін бөгде адамдардың оны ішке алып кіруіне рұқсат жоқ. Бұл қауіпсіздік үшін қажет.

 Амангелді СЕЙІТХАН


Хабарламаларға жазылу