Елордалық полицейлер 98 рет жол ережесін бұзған көлік иесін ұстады, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
«3 желтоқсанда полиция Volvo Xc90 маркалы автокөлікті тоқтатты. Бейнебақылау камераларын тексеру барысында көлік иесінің жол ережесін бұзғаны анықталды. Ал көлік құжатын тексерген кезде жүргізушісінің 6 млн 95 350 теңгеге 98 рет жол ережесін бұзғаны белгілі болды», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, тәртіп сақшылары жол ережесін жиі бұзатын тағы бір жүргізушіні ұстапты.
«Патрульдік полицейлер "Lexus LX 570" маркалы автомобильді тоқтатты. Тексеріс барысында жүргізуші жалпы соммасы 2 млн 489 650 теңгеге 49 рет жол ережесін бұзғаны анықталды», - деп мәлімдеді баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда екі автокөлік те айыппұл тұрағына жеткізілген.