Түркиялық публицист Елбасы туралы кітап жазған
Елордада «Түркі әлемінің тұғырлы тұлғасы» атты арнайы шара өткізілді. Жиынды Халықаралық Түркі академиясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы бірлесіп өткізіп отыр. Басқосуда белгілі түркиялық публицист, профессор Куршад Зорлуның Нұрсұлтан Назарбаевтың кемеңгерлігі мен лидерлік қырын терең зерделеген «Назарбаев көшбасшылығы: Ұлы Даланың өрлеуі» атты кітабының тұсауы кесілді. Еңбекте Елбасының түркі әлеміне сіңірген еңбегі мен саясаттану ғылымындағы бастамалары жинақталған. Бұл шығарма Назарбаев лидерлігі кітабының қазақша алғашқы нұсқасы және елбасытануға қосылып отырған үлкен үлес. Автор кітапты жазып шығуға 10 жылға жуық уақыты кеткенін айтты. Тың туынды 5 мың данамен жарыққа шығып отыр.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әділет» партиясы орта бизнестің үлесін 20 пайызға жеткізуді ұсынды
05.10.2026, 20:37
Қайтарылған активтер есебінен салынған жаңа стадион іске қосылды
05.10.2026, 20:22
Жаңа технология – ғылымға серпін
05.10.2026, 20:21
Кітап оқып, 10 миллион теңгеге ие бол!
05.10.2026, 20:21
Кітап – алтын қазына
05.10.2026, 20:20
Ұстаз – ұлт болашағының шамшырағы
05.10.2026, 20:18
Ұлағатты ұстаздар марапатталды
05.10.2026, 20:17
Трактор тізгіндеген кейуана ауылдастарына қолғабыс етіп жүр
05.10.2026, 20:16