Қарағандыда отбасылық денсаулық орталығы ашылды
Қарағандыда Тұңғыш Президент күніне орай мемлекеттік жеке меншік серіктестік аясында отбасылық денсаулық орталығы ашылды. Қалалық №3 емханаға қарайтын медициналық мекеме 25 мың тұрғынға қызмет көрсетеді. Орталық заманауи үлгіде жабдықталған. Мұнда дәрігерлік қызмет те ерекше. Мәселен, ана мен бала бөлімінде ақ халат киген адамды көрмейсіз. Бүлдіршіндердің көңілін аулау мақсатында дәрігерлер түрлі-түсті киінген. Бөлме іші де қанық түстерге боялған. Суреттерге, ойыншықтарға толы. Орталық міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі негізінде жұмыс істейді.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ-тәжік қатынасы: $2 млрд межесі
07.11.2026, 20:34
Жастар кітап оқуға қаншалықты көңіл бөледі?
06.11.2026, 20:28
Көшбасшы әйелдердің республикалық семинары өтті
06.11.2026, 20:27
Еңбек – адамды биікке жетелейтін құндылық
06.11.2026, 20:26
Жоғары білімнің болашағы талқыланды
06.11.2026, 20:25
Еріктілер 100-ден аса заңбұзушылықты анықтады
06.11.2026, 20:25
Халық Кеңесі жанынан жастар қозғалысын құру ұсынылды
06.11.2026, 20:24
ШҚО-да Жолдауда жүктелген міндеттер талқыланды
06.11.2026, 20:22