Алматылықтарға жер сілкінісі туралы sms жіберілмейді
Бұл жөнінде қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары айтты. Себебі, аталған хабарлама қала тұрғындарына жер сілкінгеннен кейін, ал шалғай ауылдарға тіпті 5-6 сағаттан соң жеткен. Сондықтан мегаполис халқы енді жер сілкінісі туралы ақпаратты сейсмикалық хабарлағыш пен «Дармэн» мобильді қосымшасы арқылы алады. Сонымен қатар, төтеншеліктер сел қаупін бақылаудың автоматтандырылған жүйесі іске қосылатындығын жеткізді. Биыл басталған жобаның құрылысы 2020 жылы аяқталмақ. Оның алғашқы кезеңіне 250 миллионнан астам, ал екінші кезеңге 600 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінбек. Келер жылы тау бөктеріндегі өзен-көлдер мен бөгеттерге 21 станция салынады.
Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ-тәжік қатынасы: $2 млрд межесі
07.11.2026, 20:34
Жастар кітап оқуға қаншалықты көңіл бөледі?
06.11.2026, 20:28
Көшбасшы әйелдердің республикалық семинары өтті
06.11.2026, 20:27
Еңбек – адамды биікке жетелейтін құндылық
06.11.2026, 20:26
Жоғары білімнің болашағы талқыланды
06.11.2026, 20:25
Еріктілер 100-ден аса заңбұзушылықты анықтады
06.11.2026, 20:25
Халық Кеңесі жанынан жастар қозғалысын құру ұсынылды
06.11.2026, 20:24
ШҚО-да Жолдауда жүктелген міндеттер талқыланды
06.11.2026, 20:22