Сенат төрағасы Дариға Назарбаева Татарстан мемлекеттік кеңесінің төрағасы Фарид Мухаметшинмен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат төрағасы Дариға Назарбаева Татарстан мемлекеттік кеңесінің төрағасы Фарид Мухаметшинмен кездесті

26.11.2019

Қос тарап та екі ел арасындағы ынтымақтастықты арттыруға мүдделі екендіктерін атап өтті. Сондай-ақ 9 желтоқсан Қазан қаласында өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Ресей федерациясы кеңесінің кезекті отырысына дайындық барысы пысықталды. Кездесу барысында Қазақстан мен Татарстан арасындағы сауда-экономикалық қатынас мәселелері де талқыланды. Шетелдік мейманмен Мәжіліс Төрағасы да кездесу өткізді. Нұрлан Нығматулин Елбасы және Қазақстан Президенті Ресеймен стратегиялық әріптестікті дамытуға айрықша көңіл бөлетінін атап өтті. Өз кезегінде Фарид Мухаметшин тәуелсіз әрі табысты мемлекет құрудағы мемлекет басшыларының ерен еңбектерін алға тарта келіп, Қазақстанның үлгі тұтарлық тұстары көп екенін айтты. Тараптар қажетті заңнамалық база қалыптастыру Қазақстан мен Ресей мүддесі жолындағы ортақ мақсаттарды жүзеге асыруға ықпал ететініне сенім білдірді.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу