Басты Жаңалықтар Табиғатты қорғаушыларға қызметтік көлік берілді

Табиғатты қорғаушыларға қызметтік көлік берілді

Бүгін Шығыс Қазақстан облысындағы табиғатты қорғаушыларға жаңа көлік және заманауи құрал-жабдықтар табыс етілді. Жол талғамайтын техника БҰҰ-ның Даму бағдарламасы жүзеге асырып жатқан жоба аясында алынған. Басты мақсат - табиғат қорғаушылардың материалдық-техникалық базасын жақсарту арқылы өсімдік пен жануарлар әлемін қорғау шараларын күшейту. 

Облыстағы 3 мемлекеттік табиғи қорық пен бір орман шаруашылығына көлікпен қатар, фототұзақтар және радио байланыс құралдары сыйға берілді.  

Берік Көшербай

Бөлісу