Аязда жолда қалған Тәжікстан азаматтары құтқарылды
Аяздың кесірінен адамға лық толы автобус айдалада тоқтап қалды. Оқиға Қостанай облысындағы Тобыл кентінен 80 шақырым жерде болған. Дизель отынды жолаушылар көлігінің жанармайы қатып, сөніп қалыпты. Ішінде Тәжікстан Республикасының 40 азаматы бар автобус Ресейдің Екатеринбург қаласынан шығып, Тәжікстанға бет алған. Шұғыл хабар жеткен соң төтенше жағдай қызметі мен жергілікті әкімдік бірлесе әрекет етті. Сөйтіп далада қалғандар жол бойындағы дәмханаға жеткізіліп, ыстық тамақ берілді. Екі жолаушыға дәрігерлік қызмет көрсетілді. Қазір барлығы жергілікті оқу орнының жатақханасына орналастырылған.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ-тәжік қатынасы: $2 млрд межесі
07.11.2026, 20:34
Жастар кітап оқуға қаншалықты көңіл бөледі?
06.11.2026, 20:28
Көшбасшы әйелдердің республикалық семинары өтті
06.11.2026, 20:27
Еңбек – адамды биікке жетелейтін құндылық
06.11.2026, 20:26
Жоғары білімнің болашағы талқыланды
06.11.2026, 20:25
Еріктілер 100-ден аса заңбұзушылықты анықтады
06.11.2026, 20:25
Халық Кеңесі жанынан жастар қозғалысын құру ұсынылды
06.11.2026, 20:24
ШҚО-да Жолдауда жүктелген міндеттер талқыланды
06.11.2026, 20:22