ШҚО-да бір жылда не өзгерді? Өңір басшысы есеп берді
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі артып, жұмыссыздық азайған. Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов өңірдің соңғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысын жариялады.
Елордаға арнайы келіп, баспасөз конференциясын өткізген аймақ басшысының айтуынша, көрсеткіштер жаман емес. Мәселен, өнеркәсіп өндірісінің көлемі - 110, ал негізгі капиталға салынған инвестициялар 140 пайызға артып, халықтың табысы 118 процентке өскен. Оның үстіне құрылыс жұмыстарының көлемі де 124 пайызға ұлғайып, биыл 271 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.
«Сондай-ақ көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау шаралары сәтті жүзеге асырылып, білім саласында да жүйелі жобалар қолға алынып жатыр», - дейді әкім.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ-тәжік қатынасы: $2 млрд межесі
07.11.2026, 20:34
Жастар кітап оқуға қаншалықты көңіл бөледі?
06.11.2026, 20:28
Көшбасшы әйелдердің республикалық семинары өтті
06.11.2026, 20:27
Еңбек – адамды биікке жетелейтін құндылық
06.11.2026, 20:26
Жоғары білімнің болашағы талқыланды
06.11.2026, 20:25
Еріктілер 100-ден аса заңбұзушылықты анықтады
06.11.2026, 20:25
Халық Кеңесі жанынан жастар қозғалысын құру ұсынылды
06.11.2026, 20:24
ШҚО-да Жолдауда жүктелген міндеттер талқыланды
06.11.2026, 20:22