20 күнде 800 адам көктайғақтан жапа шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

20 күнде 800 адам көктайғақтан жапа шекті

22.11.2019
20 күнде 800 адам көктайғақтан жапа шекті

Қараша айынан бастап бүгінгі күнге дейін қаланың медициналық ұйымдарына үсік шалып, жарақат алған 3588 азамат жүгінген. Оның ішінде көктайғақтан 888 адам зардап шеккен. Олардың 376-сы - бала. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Зардап шеккендердің басым бөлігі жеңіл жарақат алған. Ал 4 адам орташа ауырлықтағы жарақаттарымен ауруханаға жатқызылған. 

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс травматологы Алексей Солод жарақат алудың негізгі себептерін айтып берді.

«Eмделушілердін көбі тайғақ жерде жүгіріп, жолды кесіп өтуге тырысқан. Қазір тұрғындар мұз қатқан учаскелерден аулақ жүріп, тайғанамайтын аяқ киімдерді, әсіресе бүдір табанды етіктерді киюі қажет. Жабысқақ пластырь көмектеседі деген өтірік әңгіме, ол жүргенде етіктен ажырап қалады», - деп түсіндірді А.Солод.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда 4 травмпункт пен 20 травматологиялық кабинет бар. №1 қалалық аурухананың травмпункті Есіл ауданының тұрғындарына қызмет көрсетеді. Орталық жол ауруханасының жарақат пункті Сарыарқа ауданының тұрғындарына арналған. Ал Травматология және ортопедия ҒЗИ Алматы және Байқоңыр аудандарына көмек көрсетеді. Ал балалар үшін № 2 қалалық балалар ауруханасының жарақат пункті жұмыс істейді. 

Хабарламаларға жазылу