Алматы облысы аграрлық индустриялдық аймаққа айналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысы аграрлық индустриялдық аймаққа айналды

19.11.2019

Алматы облысы аграрлық индустриялдық аймаққа айналды. Бұл туралы бүгін есеп беру брифингін өткізген өңір басшысы Амандық Баталовтың өзі айтты. Әкімнің сөзінше, ауыл шаруашылығын дамытуда озық технологиялар мен тың тәсілдерін қолданылуда.

Амандық Баталовтың айтуынша, экономиканың барлық саласында өсім бар. Соның бірсыпырасына тоқталсақ. Мұндай жетістікке мемлекеттік қолдаудың және үлкен көлемде инвестиция тартудың нәтижесінде жеткенін айтты. Жаңа жұмыс орындарын ашып, жұмыссыздық деңгейін айтарлықтай төмендеткен. Жұмыс істеуге талпынға тұрғындардың барлығына әкімдік тарапынан қолдау жасалып, мемлекеттік бағдарламаларды мерзімді орындауда.   

Қазіргі сәтте облыста ауыл шаруашылық саласы қарқынды даму үстінде. Алматы облысы республикаға тиесілі өнімнің басым көпшілігін өндіріп, бірінші орынға шыққан. Әсіресе, ауыл шаруашылық жерлерін тиімді игеру жүйелі жоспармен бекітілген. Мемлекет басшысы Үкімет пен облыс әкімдеріне суармалы жерлердің көлемін кеңейтуді тапсырғаны мәлім. Бұл тұрғыда Алматы облысы ауқымды жұмыстарды қолға ала бастапты.

Ербол МӘНДІБЕК


Хабарламаларға жазылу