Ақтөбеде саябақтың 22 қызметкері екі айдан бері жалақы алмаған
Ақтөбедегі Тұңғыш Президент атындағы саябақтың тазалығына жауапты 22 қызметкер екі айдан бері жалақы алмаған. Онымен қоса, мекеме басшылығы барлығын ақысы төленбейтін демалысқа жіберіпті.
Жұмысшылардың осылайша сабылып жүргендеріне 10 күннен асқан. Алайда, мекеме басшысы кездесуден қашып жүрген көрінеді. Маңдай терімен келген адал ақшаларын ала алмаған қызметкерлер құзырлы орындарға да арызданған. Алайда, әзірге нәтиже болмай тұр.
Саябақ аумағында жалға берілетін ондаған дүңгіршек тұр. Одан бөлек жаз мезгілінде басқа да кәсіпкерлер жұмыс істейді. «Тазалығыққа жауапты қызметкерлер бұл нысандардан түсетін ақшаның да кімнің қалтасында кететінін білмейміз»,- дейді.
Қазір саябақ іші қоқыс пен жапыраққа тола бастаған. Миллиондаған қаржыға салынған субұрқақ та күтімсіз қалған. Қызметкерлер түн мезгілінде көше шамдарының да жанбайтынын айтады. Ал, әкімдік өкілдерінің айтуынша, саябаққа қызмет көрсетуді міндетіне алған компания қаржылық қиындықтарға тап болған. Оның орнына басқа мекеме келуі тиіс.
Компания басшылығы бұған дейін де бірнеше рет жалақыны кешіктіргені белгілі болды. Соңғы жағдайға байланысты облыстың Еңбек инспекциясына арыз түскен. Мамандар қазір тексеріс жұмыстары жүріп жатқанын жеткізді.
Әкімдік өкілдері ешкім далада қалмайды деп сендіреді. Барлығын саябаққа қызмет көрсетуге келетін жаңа компанияға орналастыру көзделіп отыр.
Жақсыбек КЕМАЛ
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ӘЧ: Ширек финалдағы шешуі сайыстар басталды
10.07.2026, 20:12
«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі өтіп жатыр
10.07.2026, 20:11
Қазақстанда цифрлық активтерді заңдастыру басталады
10.07.2026, 20:08
«Әділет» партиясы кандидаттардың тізімін бекітті
10.07.2026, 20:08
Халықтық Конституция - азаматтардың ақысыз медициналық көмек алуының кепілі
10.07.2026, 20:07
Абай полиция бөлімінің жаңа әкімшілік ғимараты ашылды
10.07.2026, 20:06
Адам құқықтары жөніндегі комиссияның жұмысы күшейеді
10.07.2026, 20:06
Alatau City: 51 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр
10.07.2026, 20:05