Шекарада 439 млн теңге болатын киік мүйізі тәркіленді
Батыс Қазақстанда 350 дана киік мүйізін шекарадан алып өтпек болған қала тұрғыны ұсталды. 47 жастағы ер адам Қазақстан-Ресей шекарасындағы «Сырым» бекетінде қолға түсті. Оның көлігінен екі шабаданға орап салынған киік мүйізі табылды. Салмағы 100 келіден асады. Тәркіленген дүниенің жалпы құны 439 миллион теңгеге бағаланды.
Айта кетейік, елімізде киікті атуға, оның дериваттарын пайдалануға 2020 жылға дейін мораторий жарияланып, заңмен тыйым салынған.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ӘЧ: Топтық кезеңнің І туры аяқталды
18.06.2026, 13:27
ӘЧ: Гана құрамасы Панаманы жеңді
18.06.2026, 13:24
Жетісу облысында парапланнан әлем чемпионаты өтіп жатыр
18.06.2026, 13:21
Түркістанда медицина қызметкерлері арасында спартакиада өтті
18.06.2026, 13:18
Жайықта елудей кеме шерулетті
18.06.2026, 13:15
Республикалық IT Quest іске қосылады
18.06.2026, 13:12
Алматыда отбасы құндылығына арналған форум өтті
18.06.2026, 13:09
Аптап ыстық келе жатыр
18.06.2026, 13:06