Ақтөбе облысында екі көліктен мыңнан астам киік мүйізі табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында екі көліктен мыңнан астам киік мүйізі табылды

17.01.2023

Ақтөбе облысының Байғанин ауданында екі көліктен мыңнан астам киік мүйізі табылды.

Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлерімен бірлескен жедел іздестіру іс-шаралары барысында Батыс Қазақстан облысының 30 жастағы тұрғыны ұсталды. Оның автокөлігін тексеру барысында үш қапшыққа салынған 416 дана ақбөкен мүйізі табылды. Сол күні осы аудан аумағынан тағы бір топ ұсталды. Қарауылкелді ауылынан шыққан 35 жастағы тұрғынның автокөлігінен 6 қорапқа салынған 643 киік мүйізі тәркіленді. Бұл тұрғынның да Батыс Қазақстан облысынан екені анықталды.

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.


Ж. Кемал

Хабарламаларға жазылу