Батыста браконьерлерден 3000 дана киік мүйізі тәркіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыста браконьерлерден 3000 дана киік мүйізі тәркіленді

09.03.2023

Атырау мен Батыс Қазақстан облыстарында 3 мың дана киік мүйізі тәркіленді. Полиция мен ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері Атырау қаласы Береке шағынауданында орналасқан тұрғын үйлердің бірінен салмағы 500 келіден асатын 2421 дана мүйіз тапты. Тергеу барысында үш адам күдікті ретінде ұсталды. Шығын көлемі - 6 млрд 264 млн теңге.

Ал Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Чапаево ауылының тұрғынынан 465 дана киік мүйізі тәркіленді. Екі дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу