Ақтөбе облысының тұрғынынан 949 киік мүйізі тәркіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысының тұрғынынан 949 киік мүйізі тәркіленді

29.09.2022

Ақтөбе облысының тұрғынынан 949 киік мүйізі тәркіленді. Полицейлер Самара-Шымкент тас жолы бойында «Ваз» маркалы автокөлікті тоқтатқан. 41 жастағы ер адам тізгіндеген көлікте 61 жастағы тағы бір тұрғын болған. Құқық қорғаушылар жүксалғыштан 765 дана ақбөкеннің мүйізі салынған 7 қорапты тапты. Жолаушы бұл қораптардың өзіне тиесілі екенін және сатқысы келгенін айтқан. Оның мекен- жайын тінту барысында тағы 184 мүйіз тәркіленді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Кінәсы дәлелденсе, мүлкі тәркіленіп, үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.


Хабарламаларға жазылу