Ұлытау облысында 700-ден астам киік мүйізі тәркіленді
Қарағандылық полицейлер Қызыл кітапқа енген жануарлардың 700-ден астам мүйізін тәркіледі. Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданына қарасты Қызылжар елді мекенінде соңғы бірнеше жыл ішінде екі өңір аумағында киік атумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды. Олар мүйіздерді Қытайға жөнелту мақсатында оңтүстік өңірге сатып отырған. Тергеу барысында мүйіздің бір келісін 80 мыңнан 100 мыңға сатқаны анықталды. Қазіргі таңда қылмыстық топтың үш мүшесі ұсталып, қалған үшеуіне іздеу жарияланды. Барлығы 150 келі, яғни 732 дана киік мүйізі тәркіленді. Сондай-ақ күдіктілерден таразы, пышақ, тіркелмеген қару және автомототехника алынған. Бұл жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық оқушылар халықаралық экономика олимпиадасында 5 медаль жеңіп алды
20.07.2026, 17:39
Испания Әлем чемпионы атанды
20.07.2026, 17:37
QazaqCreative цифрлық платформасы іске қосылды
20.07.2026, 17:31
Қостанайда орман ішінде экосаябақ салынып жатыр
20.07.2026, 17:26
ОСК Қазақстан халық партиясының кандидаттарын тіркеді
20.07.2026, 17:22
Ресейде бюджет тапшылығы үдеп барады
20.07.2026, 17:18
Нидерландта құрғақшылық күшейіп, су тапшылығы режимі енгізілді
20.07.2026, 17:16
АҚШ пен Иран шабуылды тоқтатқан жоқ
20.07.2026, 17:16