Келер жылы 9 елдің астанасында Абайдың ескерткіші ашылмақ
2020 жылы бірқатар елдің астанасында Абай Құнанбайұлының ескерткіші орнатылмақ. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметі хабарлайды.
Атап айтқанда, еліміздің сыртқы саясат ведомствосы Германия, Аустрия, Италия, Болгария, Ресей, Грузия, Үндістан, Латвия, Моңғолияның бас қалаларында қазақтың ұлы ақынының ескерткішін орнату мәселесін қолға алған.
«Осы ретте Қазақстанның Ресейдегі елшілігі 2006 жылы Мәскеу қаласында ашылған Абай ескерткішін заман талабына сай өзгертіп, жаңа үлгіде қайта жасап орнату туралы ұсыныс енгізуде. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі шет елдерде Абайдың 8 ескерткішін орнатуға атсалысуын сұраймыз», - делінген министрлік ақпаратында.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Вашингтонда бүгін Израиль-Ливан келіссөзі өтеді
14.04.2026, 20:15
Вашингтон мен Тегеран келіссөздердің екінші раундын өткізу мәселесін талқылап жатыр
14.04.2026, 20:12
Ертеңнен бастап мобильді аударымдар тексеріледі
14.04.2026, 20:10
Елімізде өңдеу өнеркәсібінің көлемі 8,5 пайызға өсті
14.04.2026, 20:07
Ажырасуға өтінім берген 400-ге жуық ерлі-зайыпты татуласты
14.04.2026, 20:05
«Қазақстан халқына» қоры: 134 қайырымдылық жоба бекітілді
14.04.2026, 20:05
Күніне 100-ден астам адамды ит қабады
14.04.2026, 20:05
Былтыр Жетісу облысына 610 млрд теңге инвестиция тартылған
14.04.2026, 20:04