Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты Омбы әуежайындағы ұшаққа дейін шығарып салды
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
«Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы іскерлік бағытта өткенімен, кездесулерде достық ниет айқын көрініп тұрды. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Владимир Владимирович Путиннің келіссөздері, форумның жалпы отырысы сындарлы әрі салиқалы сипатта өтті. Екі елдің көшбасшылары талқыланған барлық мәселелер бойынша бір пікірде болды, ортақ шешімге келді.
Ресей Президенті Владимир Путиннің Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ерекше құрметі мен ілтипаты оның Омбы әуежайына дейін келіп, әріптесін өзі арнайы шығарып салғанынан анық байқалды», - деп жазды Берік Уәли.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Соңғы 2 жылда ана өлімі 35 пайызға азайды
13.03.2026, 20:55
Биыл 2 300 шақырым жергілікті жол қайта жаңғыртылады
13.03.2026, 20:53
Су қоймаларының құрылысы келесі жылы аяқталады
13.03.2026, 20:51
Былтыр ауыл шаруашылығы саласында 250 өндіріс ашылды
13.03.2026, 20:49
Өңірде 4000-нан аса ерікті еңбек етеді
13.03.2026, 20:47
Еліміздің 5 өңірінде су тасқыны қаупі бар
13.03.2026, 20:39
Жаңа Конституция жобасы талқыланды
13.03.2026, 20:15
Қазақстандағы дауыс берушілердің орташа жасы – 29 жас
13.03.2026, 20:14