БҚО-ның Қазталов ауданында мал бордақылау кешені ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-ның Қазталов ауданында мал бордақылау кешені ашылды

06.11.2019

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданында 5 мың басқа арналған мал бордақылау кешені ашылды. Заманауи алаңның құрылысы бір жыл бұрын инвестор қаржысына салынды. Жоба құны - 2,5 млрд теңге. 

Өңірдегі малды аудандардан салмағы 200 келі болатын бұқашық сатып алынып, 500-550 келі салмаққа дейін өсіріледі. Бордақылау кезеңі 9-10 ай. Өндіріс желісі түгелдей шетелдік технологияға негізделген. Кешенде 50 жұмыс орны ашылды. Жобаның толық қуаттылығы 20 мың басты ұстауға жетеді. Ет экспортын арттыруға, ет өнімін дамытуға бағытталған инвестициялық жобаға ғалымдар да үлес қосып жатыр.

Әлжан Шәмшиден, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агро-техникалық университетінің ғылыми проректоры:

Біріншіден, ауылдық жердің тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етіп жатрса, екіншіден, осы облыс халқын жоғары сапалы етпен қамтамасыз етуге бағытталған. Мал азығын өсіретін алқаптарды қалай өңдеу керектігін, қандай тыңайтқыштармен байыту керектігін - барлығын да ғылыми негізделген нұсқаулықтармен қамтамасыз етіп жатырмыз.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу