Шығыс Қазақстан облысының Жаңа Бұқтырма кентіндегі цемент зауытында 79 жұмысшы қысқартуға түсті. Алтай ауданындағы ірі кәсіпорын басшылығы еңбек-келісім шартты біржақты бұзу туралы шешім қабылдап, алдын- ала ешкімді ескертпеген. Аяқ астынан жұмыстан шығып қалғандардың қатарында әне-міне бейнетімнің зейнетін көрем деп жүргендермен жалғыз басты аналар бар. Жергілікті билік өкілдері бұл жағдайдан хабардар. Және олар ешкім далада қалмайды деп сендіріп отыр.
Цемент өндіретін компанияның 79 қызметкері 1 қарашадан бастап жұмыстан қысқарды. Бұл хабар оларға төбеден жай түскендей болды. Себебі жұмыс беруші алдын ала ескерпеген. Сол күннен бері Алтай ауданының тұрғындары жан-жаққа арызданып, жұмыстан негізсіз шығарылдық деп шырылдап жүр.
Надежда Фарафонова, Жаңа Бұқтырма кентінің тұрғыны:
Жұмысқа барып едім қысқартуға ұшырағанымды хабарлады. Бұған дейін ешқандай ескерту қағаз берген жоқ болатын. Осы зауытта 30 жыл жұмыс істедім. Зейнеткерлік демалысқа шығуыма дейін 2,5 жыл қалған.
Кәсіпорын жұмыстан қысқарған адамдарға өтемақы төлейді. Ал оларды жұмыстан шығару туралы біржақты шешім қабылдауға құқылы екендері еңбек келісімшартында көрсетілген және оған екі жақ қол қойған. Зауыттың кәсіподақ ұйымы осыны алға тартып, жұмысшыларды емес, жұмыс берушінің сөзін сөйлеп отыр.
Лариса Синицина, зауыттың кәсіподақ ұйым төрағасы:
Бұл жағдайда жұмыс беруші тарапынан ешқандай заңбұзушылық жоқ. Барлық шешім Еңбек Кодексіне сай қабылданған. Біз құқықтық мемлекетте тұрамыз ғой және заңға сәйкес жұмыс істеуіміз керек.
Жұмыстан айырылып қалған адамдар әлеуметтік желі арқылы аймақ басшысынан көмек сұрады. Зауыт басшылығымен аудан әкімі кездескеннен кейін, олар біраз адамды қайтадан жұмыспен қамтуға уәде берген көрінеді. Билік өкілдері ешкім далада қалмайды деп сендіріп отыр.
Нұржан Тоқсейтов, Алтай ауданының әкімі:
Жұмысқа қайтадан алынып, жұмыс істесе, олар сол зауытта ары қарай істей береді. Егер де басқа жағдайлармен өздері ол жұмыстан бас тартса, біз ол кісілерді басқа жұмысқа орналастырамыз. Аудан үлкен, жұмыс орыдары бар. Бұгінде біз аудан басшылығы болып біз сол жағынан жұмыс жасауымыз керек, қамқор болуымыз керек.
Қысқартуға ұшырағандарды жұмыспен қамту мәселесі осы аптаның соңына дейін шешілуі тиіс. Сонымен қатар құзырлы органдар жаппай жұмыстан қысқарту қаншалықты заңды болғанын тексеруге кіріс...
Берік КӨШЕРБАЙ