«Әр арыз-шағымды жеке қарап, оң шешім қабылдауға тырысамын». Бүгін Nur Otan партиясы жанындағы қоғамдық қабылдауға қатысқан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов осылай деді. Министр 30-дан астам қазақстандықтың мәселесін тыңдап, тығырықтан шығу жолдарын ұсынды. Интерактивті тақта арқылы еліміздің бірқатар өңіріндегі азаматтардың проблемаларын қағазға жазып алды. Кездесуге келген, «Мирас» қорының президенті Жүзбай Серікұлы «зағиптар үйін» ашуды ұсынды. Оның айтуынша, еліміздегі зағип жандардың мұқтаждығы баршылық. «Жеке отау олардың біраз мәселесін жеңілдетуге сеп болар еді»,- дейді, ол. Зағиптар үйін салуға шамамен 5 млн АҚШ доллары керек. Сондай-ақ, несиені кешіру шарасынан тыс қалған Елорда тұрғынының да мәселесіне нақты жауап берілді.
Біржан Нұрымбетов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
Министр болсам да, несиені жабам, көмектесем деп айта алмаймын. Ол брі реткі шара... Ол санатқа жаптайды.
Ғабит БӨКЕНБАЙ