Басты Жаңалықтар Оралда нан бағасы 19 теңгеге қымбаттады

Оралда нан бағасы 19 теңгеге қымбаттады

Оралда нан бағасы 19 теңгеге қымбаттады. Жоғарғы сұрыпты ұннан жасалған «ас атасының» бір бөлкесі бұрын 100 теңге еді. Қазір 119-120 теңге тұрады. Бұл тек нан өндіруші кәсіпкерлердің өз дүкендеріндегі баға. Ал өзге сауда орындарында бұған 5-10 теңге қосылады. Қалада қазір 7 наубайхана жұмыс істейді. Жоғарғы сұрыпты нан бағасын ұстап тұруға жергілікті әкімдік әсер ете алмайды. Тек әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түліктің бағасын қадағалап отыр. Ал «әлеуметтік нан», яғни бірінші сұрыпты нан бағасы өзгеріссіз қалды.

Мейрам Хайыров, Қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы:

Бірінші сұрыпты ұннан жасалған нан бағасы қымбаттамайды. 80 теңге құрайды. Ал енді жоғары сұрыпты ұннан жасалған нанның бағасы 119 теңгені қрады. Бағаның қымбаттауы — азық-түлік астығының қымбаттауына байланысты болып табылады.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ


Бөлісу