Шекара маңындағы ауылға қару ұстауға рұқсат берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шекара маңындағы ауылға қару ұстауға рұқсат берілді

01.11.2019

Шекарадағы ауылға қару ұстауға рұқсат берілді. Осыған дейінгі эфирлеріміздің бірінде тілшілеріміз Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы Ахметбұлақ ауылы тұрғындарының мәселесін көтерген болатын. Қытаймен шекарада жатқан елді мекенге бір айдан астам уақыт қасқыр шапқан. Қорадан 200 -ден астам қойды қырып кеткендігі айтылған. Ал шекарамен іргелес орналасқандықтан ауыл халқына мылтық ұстап, оқ атуға шекара қызметі рұқсат бермеген. Жыртқыштан қалай қорғанарларын білмей есі кеткен жұрттың жағдайы арнамыздан көрсетілгеннен кейін, аудан басшылары мен прокуратура өкілдері бірлескен комиссия құрып, шекарашылармен келісімге келген. Нәтижесінде, ауыл тұрғындарына қару ұстап, қасқырдан қорғануға рұқсат берілді.

Мирас Дәуренбекұлы, Тарбағатай ауданы ішкі саясат бөлімінің бастығы:

Енді алдағы уақытта нақты өз атына тіркелген қару-жарағы бар азамат болатын болса, тордың әрғы бетіне заңды құжаттарын көрсете отырып өтіп, қауіп-қатер төнген жағдайда пайдалануға толық рұқсат беріліп отыр. Құжаттары дұрыс болып, өз атына тіркелген қару-жарақты кез келген адам заңның талабына сәйкес алып жүріп, пайдалана алады.

Ержан ЖАҚЫП


Хабарламаларға жазылу