Атырауда құрылысшылар жалақысын ала алмай жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда құрылысшылар жалақысын ала алмай жүр

01.11.2019

Атырауда құрылыс компаниясының 100-ге жуық жұмысшысы еңбекақысын ала аламай жүр. Олар вахталық әдіспен жұмыс істеген. Мамандардың айтуынша, екіжақты келісімшарт барлық талапқа сай жасалған. Жалақы төлеуден жалтарған мекеме қызметкерлерге 15 млн теңгеге жуық ақша қарыз. 

«Осы уақытқа дейін, бір тиын алмадық» деп ашынған қарапайым жұмысшылар, еңбек инспекциясына арыз жазды. Енді басы дауға қалған компания заң алдында жауапқа тартылады. Қызметкерлер мекемені сотқа береміз деп отыр.

Медет Сардарбек, жұмысшы:

Біреуінде алты, бес баладан бар. Бәрінің бала-шағасы үйінде күтіп отыр. Несие бар. Ақшамызды бермейді. 

Кемел Иманғалиев, облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бөлім басшысы:

Жұмысшылардың талабы орынды. Еңбек шарттары жасалған. Заң бойынша оларға жалақы берілуі тиіс еді. Тексеру нәтижесімен нұсқама енгізілетін болады мекемеге. Талап қойылады. Дереу берешекті жою туралы. Сонымен қатар мекемені әкімшілік жауапкершілікке тартамыз.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу